Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды

Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды

Жетісу облысына жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Жаркент қаласында орналасқан бөлімшелердің жай-күйін тексерді.

Гарнизон бастығы подполковник Нұрлан Абаев министрге бөлімшелердің мақсаты, жауынгерлік мүмкіндіктері, жасақталуы мен жарақтандырылуы туралы баяндады.
Генерал-полковник Руслан Жақсылықов штаб, полигон, әскери атыс орындары, оқу орталығы корпустары секілді инфрақұрылым нысандарының жай-күйін қарап шығып, әскери қалашықтың тұрғын үй қорымен танысты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына назар аудара отырып, әскери техниканы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау жағдайын тексерді.
Инспекция нәтижелері бойынша генерал-полковник Руслан Жақсылықов инфрақұрылымды ұстау, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықты және жалпы қызметтік істі ұйымдастыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"